DataLife Engine > Жаңалықтар > «Отбасы – бақыт мекені» /Отбасы күні/

«Отбасы – бақыт мекені» /Отбасы күні/


8-09-2022, 11:08
Автор: akbota

   8 қыркүйек күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық кітапханада Отбасы күніне орай  «Отбасы- бақыт мекені» атты отбасылық оқу ұйымдастырылды. Шараға кітапхананың тұрақты оқырмандары Серік, Сейтсұлтан, Ақылбек, Салмырзаевтар отбасы мүшелері қатысты. Балаларды кітап оқуға қызықтыру, кітапхана мен отбасы арасындағы тұрақты қарым-қатынасты қалыптастыру  мақсатында өткен шарада оқырмандар өздерінің оқыған қызықты кітаптары пікір алмасып, танымдық-викториналық сұрақтарға  жауап берді. Сондай-ақ оқырмандар логотерапевт С.Керімбайдың «Отбасы хрестоматиясы» сериясымен шыққан  туындылармен, кітапханаға түскен жаңа әдебиеттермен танысты. 


Вернуться назад