DataLife Engine > Жаңалықтар > Жүзбай Таңрықбаевтың «Тәуелсіздік тұғырын биіктеткендер», «Сұлушаш», «Көкі ата» атты кітаптарының тұсаукесері

Жүзбай Таңрықбаевтың «Тәуелсіздік тұғырын биіктеткендер», «Сұлушаш», «Көкі ата» атты кітаптарының тұсаукесері


28-09-2022, 12:13
Автор: akbota

    28 қыркүйек Ә.Тәжібаев атындағы облыстық кітапханада  танымал автокөлік, жол-құрылыс саласының ардагері, ҚР Журналистер одағының мүшесі, жазушы Жүзбай Таңрықбаевтың «Тәуелсіздік тұғырын биіктеткендер», «Сұлушаш», «Көкі ата» атты кітаптарының тұсаукесері  өтті.

   Шараға өңірдегі зиялы қауым өкілдері мен ақын-жазушылар,  БАҚ өкілдері,  И.Әбдікәрімов атындағы  Қызылорда аграрлық-техникалық жоғары колледж студенттері және №257 мектеп оқушылары қатысты.

   Шара барысында қонақтар халыққа сіңірген еңбегінің арқасында облыс, республика көлемінде көптеген марапатқа ие болған, Ж.Таңрықбаевтың аталған еңбегі туралы өз ойларын ортаға салды. Қатысушы оқушылар  «Астана», «Ана дауысы»  атты өлеңдерін оқыды. Еңбек ардагері туралы арнайы дайындалған слайд көрсетіліп, «Көңілдегі көкжиек» атты кітап көрмесі оқырмандар назарына ұсынылды.


Вернуться назад