DataLife Engine > Жаңалықтар > BAQ news. Библиофреш

BAQ news. Библиофреш


30-09-2022, 10:55
Автор: akbota

    30 қыркүйек күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық кітапханасы «BAQ news» тақырыбында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің 1 оқу ғимаратында библиофреш ұйымдастырды.

    Шара барысында кітапхана қорының бір бөлігін құрайтынжаңадан келіп түскен республикалық ғылыми-әдістемелік,  әдеби-көркем, көпшілік, мәдени-сараптамалық мерзімді басылымдар насихатталды. Елдегі болып жатқан елеулі оқиғаларды жұртшылыққа жеткізіп, ойға ой қосып, таным көкжиегін кеңейтетін баспа беттеріндегі маңызды мағлұматтар таныстырылып, қажетті ақпараттар берілді.


Вернуться назад