DataLife Engine > Жаңалықтар > «Қария-халық қазынасы» атты әңгіме-сұхбат

«Қария-халық қазынасы» атты әңгіме-сұхбат


1-10-2022, 18:09
Автор: akbota

     Бүгін облыстық  кітапхананың ұйымдастыруымен 1 қазан - Халықаралық қарттар күніне орай «Қария-халық қазынасы» атты әңгіме-сұхбат жүргізілді. Шараға ауылшаруашылығы  ғылымының докторы, профессор  Ж. Өтесінов және кітапхананың тұрақты оқырмандары қатысты. Аянбай еңбек етіп, жас ұрпаққа тағлымды тәрбие беріп, ізгі дәстүрлер сабақтастығын жалғастырып келе жатқан ардақты ардагер-ұстаз өзінің өнегеге толы ұстаздық жолы туралы әңгімелеп, жастарға ақыл-кеңесін айтты.         

     Кітапхана саласының ардагері Оспанова София Дүйсенқызы оқырмандарға өзінің ақ батасын берді. Шара барысында «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» атты кітап көрмесі  ұйымдастырылды.

   Шара соңында кітапхана қызметкерлері Магнум сауда орталығында қарттар арасында сауалнама жүргізіп, мерекелерімен құттықтап, сый-сыяпат табыс етті.


Вернуться назад