DataLife Engine > Жаңалықтар > Танымал тұлғалар

Танымал тұлғалар


4-10-2022, 12:11
Автор: akbota

    4 қазан күні «Танымал тұлғалар» айдарымен сән және қолданбалы өнер шебері, қазақтың тұңғыш театр суретшісі Ләтипа Қожықованың туғанына 130 жыл және Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Шайтұрсын Әбдібаевтың туғанына 80 жыл толуына арналған кітап көрмесі дайындалды.

   Ләтипа Мұңайтпасқызы - 100-ден аса өрнектік туындылардың авторы. Суретшінің жұмыстары Мәскеу, Санкт-Петербург, Алматы, Будапешт, Вашингтон му­зейлерінде сақтаулы.

   Шайтұрсын Әбдібаев - Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театрының директоры, әрі актері, облыстық филармонияның директоры, облыстық халық шығармашылығын дамыту орталығының директоры, Қызылорда қалалық мәдениет бөлімінің меңгерушісі болып қызметтер атқарған. Сахна шебері 60-қа жуық образдарды сомдап шынайы талант екендігін дәлелдеп кеткен.

   Кітап көрмесіне танымал тұлғалардың өмірі мен өнеріне арналған анықтамалықтар, әдебиеттер, естеліктер және суреттер қойылды.


Вернуться назад