DataLife Engine > Жаңалықтар > «Тіл тарихы» атты кітабына онлайн шолу

«Тіл тарихы» атты кітабына онлайн шолу


14-10-2022, 13:17
Автор: akbota

     14 қазан күні облыстық кітапханада «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы аясында  «Жаңа  гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» арнайы жобасы бойынша  жарық көрген Торе Янсонның «Тіл тарихы»  атты кітабына онлайн шолу ұйымдастырылды.

Бұл кітапта тілдердің жалпы даму тарихы баяндалады. Тілдердің қалай қалыптасып, қалай жойылатыны, олардың тағдыры тілдерді қолданатын халықтың тіршілігімен тікелей байланыстылығы туралы айтылады.

    Оқырман қытай, грек, араб, латын, ағылшын,герман және славян тілдері тәрізді кең тараған ірі тілдермен қатар, африка тайпалары мен австралиялық бушмендер сөйлейтін хойсан және банту тобындағы ұсақ тілдердің пайда болу тарихымен таныса алады.

   Мақсаты: жастардың дамыған өзге мемлекеттердің білім беру әдісінен тәжірибе алуына ықпал ету мақсатында ана тілімізге аударылып, жастарға жаңашыл бағытта білім беру жүйесіне енгізілген дүниежүзінің озық оқулықтарын насихаттау, әлемдік деңгейдегі кітаптарды оқу арқылы білімдерін тереңдету.


Вернуться назад