DataLife Engine > Жаңалықтар > «Кітап ақылдың кілті» атты виртуалды көрме

«Кітап ақылдың кілті» атты виртуалды көрме


17-10-2022, 13:28
Автор: akbota

     17 қазан күні облыстық кітапханада «Кітап ақылдың кілті»  тақырыбында жаңа әдебиеттерге виртуалды көрме ұйымдастырылды.

    Көрмеге белгілі жазушы, Халық­аралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Әділбек Ыбырайымұлының  Кенесары хан мен ол бастаған көтеріліс тарихының соңғы трагедиялық кезеңіне арналған үш томдық «Семсер жүзіндегі серт» роман-трилогиясы, өз елінің бүтіндігін сақтауды көздеген Әбілқайыр ханның тағдырындағы жары Бопай ханымның орны шынайы бейнеленген Мәди Айымбетовтың «Бопай ханым», белгілі балалар жазушысы Айса Хамзеұлының балалардың қызықты өмірін жан жақты суреттеп жазған «Ақ жол» кітабы және басқа да әртүрлі жанрдағы жаңа әдебиеттер қойылды.

    Мақсаты: ғаламтор желісін пайдаланушыларға арналған ақпаратты жеткізудің жаңа түрі виртуалды көрме арқылы оқырмандардың кітап оқуға қызығушылығын ояту, кітапхана мен оқырмандар арасындағы байланысты нығайту.


Вернуться назад