DataLife Engine > Жаңалықтар > «Зорлық-зомбылық - қоғам қасіреті» атты кітап көрмесі

«Зорлық-зомбылық - қоғам қасіреті» атты кітап көрмесі


29-11-2022, 16:30
Автор: akbota

    Біздің заманауи дамыған қоғамда тұратынымызға қарамастан, отбасылардағы тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайлары өте жиі кездеседі. Көбінесе адамдар бұл туралы ашық айтпайды. Қазақстан Республикасының Конституциясында адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайды, әркімнің ар-намысы мен абыройлы атының қорғалуына құқығы бар деп анық жазылған.

    Осы орайда Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы 29 қараша  күні «Зорлық-зомбылық - қоғам қасіреті» атты кітап көрмесін  ұйымдастырды. Мақсаты - қоғамдағы зорлық-зомбылықтың жолын кесуде халықты сауаттандыру, жәбірленушілерге ақпараттық көмек көрсету. «Заң және заман», «Заң» басылымдарындағы арнайы сала мамандарының зорлық-зомбылықты болдырмау, болған жағдайда қандай заң орындарына жүгіну қажеттілігі жөнінде мақалалар, сондай-ақ зорлық-зомбылықтың түрлерін, сипаттарын, буллингке ұшыраған жандарға алғашқы көрсетілетін көмек жайлы мағлұматтар беретін кітаптар да көрмеден орын алған. Кітап көрмесімен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті тарих факультетінің 2-курс студенттері танысты.


Вернуться назад