DataLife Engine > Жаңалықтар > «Махаббат қызық мол жылдар» кітабына талдау

«Махаббат қызық мол жылдар» кітабына талдау


2-12-2022, 10:33
Автор: akbota

     2 желтоқсан күні облыстық кітапханада Қазақстанның халық жазушысы Ә.Нұршайықовтың «Махаббат қызық мол жылдар» атты кітабына талдау ұйымдастырылды.

    Шараға «Жауқазын-Ғұмыр» шығармашылық клубының мүшелері, М.Мәметова атындағы  Қызылорда жоғары колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Каюпова Дидар мен Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының студеттері және №140 Абылайхан атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Абдуллақызы Ұлжан қатысты.

    Кеш барысында қонақтар соғыстан кейінгі Ербол мен Меңтайдың махаббаты, тағдыры, тұрмыс-тіршілігі,туралы түсіндіре отырып, романның танымдық және тәрбиелік маңызын, көркемдік құндылығын атап көрсетті. Оқырмандарға «Махаббат қызық мол жылдар» атты сериалдан  үзінді ұсынылды.


Вернуться назад