DataLife Engine > Жаңалықтар > «Заманның көркем шежірешісі» атты әдеби кеш

«Заманның көркем шежірешісі» атты әдеби кеш


9-12-2022, 10:15
Автор: akbota

    9 желтоқсан күні облыстық кітапханада жазушы, әдебиет зерттеуші, ғалым, филология ғылымының докторы,  профессор Сейдімбек Ақселеудың туғанына 80 жыл толуына орай «Заманның көркем шежірешісі» атты әдеби кеш ұйымдастырылды.

    Шараның мақсаты: Сейдімбек Ақселеудың өмірі мен шығармашылығын өскелең ұрпаққа дәріптеу, рухани мұрасын насихаттау. Шараға №187 мектептің тарих пәнінің   мұғалімдері  Ержанова Айнұр, Өтешова Ақтоты мен  Көпсалалы «Ұлағат Қызылорда» колледжінің студенттері қатысып  шығармашылық және ғылыми еңбектері туралы айтып пікір алмасты.

      Шара соңында оқырмандар назарына «Ұлт рухын ту еткен» атты кітап көрмесі ұсынылып, шолу жасалды.


Вернуться назад