DataLife Engine > Жаңалықтар > «Сыр өңірінің мәдени өмірі» атты кітап көрмесі

«Сыр өңірінің мәдени өмірі» атты кітап көрмесі


18-01-2023, 16:18
Автор: akbota

      18 қаңтар күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Сыр өңірінің мәдени өмірі» атты кітап көрмесі дайындалды.

     Көрмеге өнердің  өр өлкесі саналатын Сыр елінің өнерпаздары туралы жалпы әдебиеттер қойылды. Оқырмандар назарына  театр және кино артистері, қылқалам шеберлері, сүлейлер, айтыс және жазба ақындары, күйшілер, әншілер, жыраулар, сонымен қатар қолөнер шеберлері туралы мәліметтер ұсынылды.

    Көрменің ерекшелігі көрмеде қойылған тың деректерден бөлек, оқырмандар музыкалық ойнатқыш арқылы CD дисктерде  жазылған Сыр өңірі өнерпаздарының даусын қоса тыңдай алады.


 


Вернуться назад