DataLife Engine > Жаңалықтар > «Сырлы әндермен сыр шерткен» атты әдеби сазды кеш

«Сырлы әндермен сыр шерткен» атты әдеби сазды кеш


8-02-2023, 10:39
Автор: akbota

   8 ақпан күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Қазақстанның  халық әртісі, әнші, композитор А.Қоразбаевтың 75 жасқа толуына арналған «Сырлы әндермен сыр шерткен» атты әдеби сазды кеш өткізді. Шараның мақсаты – жастарға қазақ өнері туралы әдебиеттерді насихаттау. Қазақ композиторларын, оның ішінде А.Қоразбаевтың өмірі мен шығармашылығын жақын таныстыру.

    Кеш барысында қасиетті қара домбыраны жанына серік етіп, қоңыр үнімен қазақ өнерінің атағын аспандатқан сазгер өмірінің қызықты белестерінен естеліктер айтылды.  Композитордың танымал әндерін жас орындаушылар шара қатысушыларына арнап шырқады. А.Қоразбаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы слайд көрсетілді.



Вернуться назад