DataLife Engine > Жаңалықтар > «Сан сұраққа саяхат» атты ойын-викторина

«Сан сұраққа саяхат» атты ойын-викторина


9-02-2023, 10:47
Автор: akbota

       9 ақпан күні облыстық кітапханада «Кітаппен  бірге өсеміз»  жобасы  аясында «Сан сұраққа саяхат» тақырыбында ойын-викторина өткізілді.

     Ойын мақсаты: бүлдіршіндердің тіл байлықтарын, сөздік қорларын молайту, тапқырлық қабілеттерін дамытып, ойынға деген қызығушылығын дамыту. «Сыр еркесі» балабақшасының тәрбиеленушілері «Кейіпкерді тап», «Логикалық есептер», «Пазлы құрастыру» және «Суретті аяқта және боя» ойындарына қатысып қойылған сұрақтарға жауап берді.

        Шара соңында бүлдіршіндер «Шалхан» ертегісінің негізінде театрланған қойылымды тамашалады.



Вернуться назад