DataLife Engine > Жаңалықтар > «Жүректен жүрекке жылу сыйлайық» атты қайырымдылық акциясы

«Жүректен жүрекке жылу сыйлайық» атты қайырымдылық акциясы


17-02-2023, 16:27
Автор: akbota

     17 ақпан күні кітапханада әлеуметтік қорғаусыз балалардың қоғамда бейімделуіне және  оларға  мейірімділік, бауырмалдық, жанашырлық,  қуаныш сыйлау мақсатында «Жүректен жүрекке жылу сыйлайық» атты  қайырымдылық  акциясы ұйымдастырылды.

      Шараға қаламыздағы Талсуат елді мекеніндегі психоневрологиялық диспансері, №2облыстық балаларды  оңалту орталығының, №5 көру қабілеті бұзылған балалардың  арнайы (түзету)  мектеп-интернатының, №7 арнайы түзету мектеп-интернатының және үйден әлеуметтік қызмет көрсету бөлімінің  тәрбиеленушілері қатысты. Шара барысында мүмкіндігі шектеулі балаларға арнап  С.Әлжіков атындағы  №144 орта мектебінің, Т.Есетов атындағы №264 мектеп-лицейінің оқушылары мен «Рауан» интеллектуалды шығармашылық клубының мүшелері қөңілді әндер мен сахналық қойылым қойып, балаларға  жақсы көңіл-күй  сыйлады.  Шара соңында балаларға арнайы дайындалған тәттілер үлестірілді.


Вернуться назад