DataLife Engine > Жаңалықтар > «Оқимыз сурет саламыз» атты сурет байқауы

«Оқимыз сурет саламыз» атты сурет байқауы


21-02-2023, 13:14
Автор: akbota

      21 ақпан күні облыстық кітапханада жас ұрпақты бейнелеу  өнері арқылы жан-жақты дамыту және  кітап оқуға қызығушылығын арттыру мақсатында «Оқимыз сурет саламыз» атты сурет байқауы ұйымдастырылды.

     Шараға қала мектептерінің және Жалағаш, Сырдария, Қармақшы аудандарының оқушылары қатысты.  Қатысушылар алдын-ала ұсынылған әдебиеттерді оқып, содан алған әсерлерін   қағаз бетіне түсірді.

     «Оқимыз сурет саламыз» атты сурет байқаудың қорытындысы бойынша бас жүлдені Болатхан Айзере, 1-ші орынды Сартаева Айым, 2-ші орынды Бахытбек Балнұр, Жұмаханова Инабат, 3-ші орынды Өмірбай Кәусар, Алтай Кәусар, Берікбайқызы Жайна иеленді. Сурет  байқауының жеңімпаздары дипломдармен, алғыс хаттармен марапатталды.

        Шара соңында «Ғажайып кітап әлемі» атты кітап көрмесімен танысты.


Вернуться назад