DataLife Engine > Жаңалықтар > «Алаштың абыз аналары» атты кітап көрмесі

«Алаштың абыз аналары» атты кітап көрмесі


7-03-2023, 12:33
Автор: akbota

       7 наурыз күні халықаралық аналар мерекесінің қарсаңында облыстық кітапханада «Алаштың абыз аналары» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Мақсаты: қазақ халқының тарихында ақыл-парасатымен, дуалы сөзі мен дара өнерімен көзге түскен асыл аналарымыз бен дана қыздарымызды дәріптеу, олардың елі мен жеріне деген сүйіспеншілігі мен ерлік істерін бүгінгі ұрпаққа үлгі, өнеге ету.

      Жалпы көрме үш бөлімнен жасақталды. Бірінші «Ұрпағына ұлан болған аналар» бөлімінде ел тарихында есімі ерекше аталып келген Тұмар, Зарина, Бегім, Бопай, Абақ, Айғаным, Күнбике, Зере тәрізді аналарымыздың ұлтқа үлгі, ұрпаққа өнеге боларлық тағылымдары, елдікті нығайтудағы іс-әрекеттері туралы танымдық жазбалар, екінші «Өнер әлеміндегі аналар» бөлімінде қазақ халқының мақтан тұтқан, ұлттық сахна өнерінің талантты қыздарының ғұмырнамасы және шығармашылығы туралы кітаптар: «Бибігүл Төлегенова», «Роза Бағланова», «Сабира Майқанова», үшінші «Сыр елінің ардақты аналары» бөлімінде Сыр елінің өнегелі өмірі, сырлы шежіресі аңызға айналып, ел аузында жүрген, өңіріміздің өркендеуіне зор үлес қосып жүрген ардақты аналарымыз туралы материалдар қойылды.


Вернуться назад