DataLife Engine > Жаңалықтар > «Ақиқат айдынындағы ақшағала» атты танымдық кеш

«Ақиқат айдынындағы ақшағала» атты танымдық кеш


7-03-2023, 12:41
Автор: akbota

      7 наурыз күні облыстық кітапханада Қазақстандағы алғашқы комсомол және журналист қыздардың бірі әйел құқығы үшін күресуші Сара Сәтбайқызы Есоваға арналған «Ақиқат айдынындағы ақшағала» атты танымдық кеш ұйымдастырылды.

       Шараның мақсаты С.Есованың өмірімен өзектес жатқан өмірбаяны арқылы сол кезеңдегі қайраткер ананың сан қилы тағдырын, оқырманға таныстыру, үлгі өнеге ету.

      Шараға Қызылорда қаласының Құрметті азаматы, қоғам қайраткері С.Әбішев, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, ақын Қ.Жаленова, «Егемен Қазақстан» газетінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі М.Жетпісбаев, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің оқытушысы, өнертану ғылымдарының кандидаты, доцент Г.Искакова, «Болашақ» жоғары медициналық колледжінің студенттері және кітапхана оқырмандары қатысып, С.Есоваға арналған арнау оқылып, әндер шырқалды.


Вернуться назад