DataLife Engine > Жаңалықтар > «Күш - білімде, білім - кітапта» атты интеллектуалды сайыс

«Күш - білімде, білім - кітапта» атты интеллектуалды сайыс


14-03-2023, 16:42
Автор: akbota

      14 наурыз күні облыстық кітапханада  «Күш - білімде, білім - кітапта» атты интеллектуалды сайыс ұйымдастырылды. Шараның мақсаты - оқырмандардың кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру, білім деңгейі мен шығармашылық қабілеттерін дамыту.

      Сайысқа «Ұлағат» колледжінің студенттері мен абонементтік қамтамасыз ету секторының жанынан құрылған «Кездесу» клубының мүшелері қатысты. Қатысушылар «Таныстыру», «Сиқырлы сандық»,  «Айшықты сөздер»,  «Жүйрік болсаң шауып көр» кезеңдері бойынша бақ сынады. Озық ойлы жастар бәсеке барысында білгірліктерін байқатты. Қызықты да, тартысты өткен сайыста белсенділік танытқан топтар алғыс хаттармен марапатталды.

        Оқырмандар назарына «Артық білім кітапта» атты кітап көрмесі ұсынылды.



Вернуться назад