DataLife Engine > Жаңалықтар > «Жақсылыққа жаршы болған Наурызым» атты мерекелік концерт

«Жақсылыққа жаршы болған Наурызым» атты мерекелік концерт


16-03-2023, 10:42
Автор: akbota

      16 наурыз күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы  №1 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына  барып  «Жақсылыққа жаршы болған Наурызым» атты мерекелік концерт ұйымдастырды. Орталық тұрғындары үшін көктем, наурыз, ана, отан  туралы әндер, жыр-термелер мен күйлер орындалды. С.Майқанова атындағы Мәдениет үйі жанынан құрылған «Бастаңғы» әжелер ансамблінің әнші әжелері қазақ әндерінен попурри орындап, көпшіліктің ықыласына бөленді. Би үйірмесінің кішкентай бүлдіршіндері «Аққу» және «Тоты құс» билерін арнады. Қалың халықты жаңа үмітке жетелейтін Наурыз мерекесінде көтеріңкі көңіл күй сыйлағаны үшін арнаулы қызмет көрсету мекеме директорының орынбасары  Аққалиев Азиз Жазықбайұлы кітапхана ұжымына үлкен алғысын білдірді.


 


Вернуться назад