DataLife Engine > Жаңалықтар > Наурыз мейрамына орай «Қош келдің, Әз Наурыз!» атты мерекелік шара

Наурыз мейрамына орай «Қош келдің, Әз Наурыз!» атты мерекелік шара


17-03-2023, 10:55
Автор: akbota

     17 наурыз күні облыстық кітапханада Наурыз мейрамына орай «Қош келдің, Әз Наурыз!» атты мерекелік шара ұйымдастырылды.

   Шараның мақсаты: балаларға Наурыз мерекесі туралы түсінік беру, елін, Отанын сүюге, ұлттық салт-дәстүрін дәріптеуге тәрбиелеу, имандылық, инабаттылық, ізеттілік қасиеттерін қалыптастыру.

     Шараға облыстық «Ақмешіт – Сырдария» мешітінің наиб имамы Рахат Қожанов қатысып қазақ халқының бала тәрбиесіндегі салт-дәстүрдің алар орны туралы өз ойын білдірді. Мерекелік  шарада наурыз мейрамына арналған көрініс қойылып, бата-тілек айтылып, кітапхананың өнерлі оқырмандары әсем әннен шашу шашып, би билеп өз өнерлерін көрсетті.


Вернуться назад