DataLife Engine > Жаңалықтар > «Ерлік пен елдікті ту еткен батыр» атты тарихи-танымдық кеш

«Ерлік пен елдікті ту еткен батыр» атты тарихи-танымдық кеш


29-03-2023, 16:13
Автор: akbota

      Облыстық кітапханада 29 наурыз күні Торғайдағы ұлт-азаттық көтерілісінің бас сардары, ұйымдастырушысы Амангелді Имановтың туғанына 150 жыл толуына орай «Ерлік пен елдікті ту еткен батыр» тақырыбында тарихи-танымдық кеш ұйымдастырылды.

       Шараға Абай атындағы мектептің тарих пәнінің мұғалімі А.Шарманов, Қ.Мұхамеджанов атындағы №1 мектеп-гимназиясының тарих пәнінің мұғалімі М.Молдабаева қатысып, 1938 жылы «Ленфильм» киностудиясы түсірген толықметражды «Амангелді» дыбысты фильмі, Ә.Қастеев шығармашылығындағы Амангелді бейнесі, Мұстафа Шоқай және 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі, батырдың құпия өлімі туралы тарихи деректер кеңінен ашылып сөз болды. Шара соңы А.Имановқа арналған кітап көрмесімен қорытындыланды.


Вернуться назад