DataLife Engine > Жаңалықтар > «Әдеби кейіпкерлер сыр шертеді» атты әдеби косплей фестивалі

«Әдеби кейіпкерлер сыр шертеді» атты әдеби косплей фестивалі


31-03-2023, 16:51
Автор: akbota

       31 наурыз күні облыстық кітапхана балалар кітабы күніне орай өткізілген апталығының соңғы күнін «Әдеби кейіпкерлер сыр шертеді» атты әдеби косплей фестивалімен қорытындылады.

      Шараға Т.Есетов атындағы №264, Абылайхан атындағы №140, Ж.Нұрсейітов атындағы №233, М.Шоқай атындағы №187, №253 мектеп-лицейлерінің оқушылары мен «Қарақат» мектеп студиясының және «Мол бақыт» тобының мүшелері қатысты.

      Іс-шараға қатысушылар М.Әуезовтың «Көксерек», Ы.Алтынсаринның «Бір уыс мақта», Б.Момышұлының «Ұшқан ұя», Ағайынды Гриммдердің «Балықшы және оның әйелі» шығармаларымен «Ақыл, байлық, бақыт» атты қазақ халық ертегісі бойынша сахналық қойылымдар қойып, өзара сынға түсті. Өте тартысты, қызықты, оқушылардың актерлік шеберліктері мен творчестволық қабілеттері ортаға түскен әдеби косплей фистивалі жалпы апталық аясындағы ең айтулы іс-шара ретінде ерекшеленді. Балалар өздерін қаншалықты талантты, белсенді, шығармашыл екендіктерін барынша көрсетуге тырысып бақты. Фестивальге қатысушылар түрлі номинациялармен марапатталды.


Вернуться назад