DataLife Engine > Жаңалықтар > «Татулық – достықтың киелі бесігі» атты кітап көрмесі

«Татулық – достықтың киелі бесігі» атты кітап көрмесі


27-04-2023, 13:05
Автор: akbota

       27 сәуір күні облыстық кітапханада 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесіне орай «Татулық – достықтың киелі бесігі» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды.

       Мақсаты: Қазақстанда тұратын барлық этностардың тарихы мен қазіргі өмірін, мәдениетін, дәстүрлерін және өнерін бейнелейтін әдебиеттерді насихаттау.

    Көрмеге көп ұлтты Қазақстан халқының бейбіт өмірін сомдайтын, тарихын қамтитын, бірлігін бейнелейтін «Қазақстан – қарашаңырағым», «Мәңгілік Ел – Қазақстан», «Қазақстан халқы» энциклопедиясы, «Ассамблея народа Казахстана в истории страны», «Единство в многообразии», Т.Барабанованың «Қазақстан өзбек халқының мемлекет тарихындағы рөлі», Д.Қыдырәлиев «Жерұйық», «Қазақстан халқы ассамблеясы – ел тарихында» кітаптары мен фотоальбомдар қойылып, оқырмандар назарына ұсынылды.


Вернуться назад