DataLife Engine > Жаңалықтар > «Заңғар тұлға» атты дөңгелек үстел

«Заңғар тұлға» атты дөңгелек үстел


27-04-2023, 13:07
Автор: akbota

         27 сәуір күні облыстық кітапханада Алаш қозғалысының қайраткері, тарихшы, тілтанушы, ауыз әдебиетінің сирек үлгілерін жинап насихаттаушы, шебер аудармашы Халел Досмұхамедовке арналған «Заңғар тұлға» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

      Шараның мақсаты: Халел Досмұхамедовтың өмірі мен өзектес жатқан өмірбаяны арқылы сол кезеңдегі қайраткердің қилы тағдырын оқырманға таныстыру, үлгі өнеге ету.

       Шараға №271 орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Шакирова Жанат және №268 мектеп-лицейінің тарих пәнінің мұғалімдері Нұрмаханова Улбазар және Садирсламова Гүлжаз қатысып «Азаттық аңсаған алаш», «Қоғамдық саяси өмірдегі орны» тақырыптарында баяндамалар оқыды.

         Шара соңында оқырмандар кітап көрмесімен танысып, естелік суретке түсті.


Вернуться назад