DataLife Engine > Жаңалықтар > «Тұғырлы елдің тұмары» атты ақпараттық сағат

«Тұғырлы елдің тұмары» атты ақпараттық сағат


18-05-2023, 16:46
Автор: akbota

      18 мамыр күні облыстық кітапханада Қазақстанның Құрметті Журналисі, қаламгер Өтеген Жаппарханның туғанына 85 жыл толуына орай «Тұғырлы елдің тұмары» тақырыбында ақпараттық сағат ұйымдастырылды.

        Қазақ радиосының «Алтын қорын» сыр сүлейлерінің мақам-сазының мол мұрағатымен толықтырып, Көшенейдің күміс үнін алғаш рет облыстық радио арқылы көпшілікке таныстырған тұлғаның өмірі мен шығармашылығы шара барысында сөз болды. Шараға қаламгер, жазушы-журналист Еркін Әбіл, Қызылорда облыстық телеарнасының негізін қалаушылардың бірі, ақпарат саласының үздігі Шалғынбаева Айткүл, Т.Есетов атындағы №264 мектеп-лицейінің мұғалімі С.Сәтова, «Өркениет» медициналық колледжінің және Қызылорда Ашық университетінің студенттері қатысты.

           Жазушының сатиралық шығармаларынан оқырмандар үзінділер оқып, кітап көрмесімен танысты.


Вернуться назад