DataLife Engine > Жаңалықтар > Ардагерлерімізді ардақтайық!

Ардагерлерімізді ардақтайық!


29-09-2023, 18:26
Автор: akbota
     29 қыркүйек күні облыстық  кітапханада  1- қазан – Халықаралық қарттар күніне орай «Ардагерлерімізді ардақтайық» атты мерекелік кеш ұйымдастырылды. Шараға кітапхана саласының ардагерлері қатысты.
     Ардагерлеріміз  кітапхана ісін алға дамыту мақсатында  аянбай еткен  еңбектері, өнегеге толы өмір жолдары туралы әңгімеледі.
Шара барысында М.Мәметова атындағы педагогикалық жоғары колледж студенттері арнау өлеңдерін оқыды, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті мен Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық жоғары колледж студенттері ән-жырдан шашу шашты. Кітапхана ұжымы ардагерлерді мерекелерімен құттықтап, сый-сыяпат табыс етті.

Вернуться назад