DataLife Engine > Жаңалықтар > Мұзафар Әлімбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай «Балалар елінің сүйікті жыршысы» атты әдеби кеш ұйымдастырылды.

Мұзафар Әлімбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай «Балалар елінің сүйікті жыршысы» атты әдеби кеш ұйымдастырылды.


10-10-2023, 19:15
Автор: akbota

    10 қазан күні облыстық кітапханада Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлығының лауреаты,  балалар жазушысы Мұзафар Әлімбаевтың  туғанына 100 жыл толуына орай «Балалар елінің сүйікті жыршысы» атты әдеби кеш ұйымдастырылды.

    Шара барысында  қатысушылар  ақынның өлеңдерін жатқа оқып, «Маралдым», «Мұғалім ол біздің» әндерін шырқап, «Түлкінің құйрығы неге ұзын?» қойылымын қойды. «Балалар әлемінің бағбаны» атты кітап көрмесімен танысты.

    Қаламгердің 52 кітабы шыққан, 300-дей өлеңіне ән жазылып,  қазақ балалар әдебиетін дамытуға көп еңбек сіңірген. Әлем әдебиетінің үздік шығармаларын қазақ тіліне аударып, бірнеше ордендермен марапатталған. Ақынның өлеңдері  әлемнің 38 тіліне аударылған.


Вернуться назад