DataLife Engine > Жаңалықтар > «Классикалық музыка кеші. Фортепианолық музыка»

«Классикалық музыка кеші. Фортепианолық музыка»


10-10-2023, 19:43
Автор: akbota
«Классикалық музыка кеші. Фортепианолық музыка»
        10 қазан  күні Халықаралық музыка күні  аясында «Классикалық музыка кеші» айдарымен «Фортепиано әуені» атты кеш болып өтті. Шараның мақсаты – жастардың эстетикалық талғамдарын шыңдау,  фортепиано өнерін насихаттау, өнерді құрметтеуге баулу және рухани тәрбие беру.  
        Шара барысында музыка мамандары Ысқақ Азат, Абенова  Жанна және  Дәуренұлы Әділжан классикалық шығармалар мен заманауи композиторлардың туындыларын орындады. Әр шығарманың жазылу тарихы мен авторы жайында мәліметтер айтылды. Сонымен қатар танымал фильмдердің саундтректері орындалды.
        Фортепианолық музыка кешіне қаламыздағы Өркениет медициналық колледж студенттері және кітапхана мамандары қатысты.

Вернуться назад