DataLife Engine > Жаңалықтар > «ЕЛГЕ СӘЛЕМ» жобасы Қазалы ауданында

«ЕЛГЕ СӘЛЕМ» жобасы Қазалы ауданында


28-11-2023, 10:40
Автор: akbota
27 қараша  күні  Қазалы ауданында Ә.Тәжібаев атындағы  облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен «Елге салем» жобасы аясында«Елің еміренсе, сен тебірен» атты кездесу кеші өткізілді. Шараны Қазалы ауданының Мәдениет және спорт бөлімінің басшысы Б.Жолтаев ашып, қаламгерлер мен жобаны ұйымдастырушы облыстық кітапханаға сәттілік тіледі. Кеш қонақтары: ақын Ермекбай Ағыраев, ақын Алмагүл Қаржаубаева, ақын Сәлия Дүзбай, ақын Ғалия Орынбасар, ақын Сағыныш Утеулиева және ақын Түменбай Ақжол қатысып жырдан шашу шашты. Облыстық кітапхана атынан жергілікті ақындарға сый-құрмет көрсетілді.


Вернуться назад