DataLife Engine > Жаңалықтар > Темір Нарком Темірбек Жүргенов жайлы деректі фильм

Темір Нарком Темірбек Жүргенов жайлы деректі фильм


10-11-2023, 18:31
Автор: akbota
        Темір Нарком Темірбек Жүргенов жайлы деректі фильм
        10 қараша күні мемлекет және қоғам қайраткері Темірбек Қараұлы Жүргеновтің 125 жылдығына арналған апталық аясында режиссер Еркін Рақышевтің «Темір Нарком Темірбек» атты деректі фильмі көрсетілді. Деректі фильмде режиссер халыққа белгілі деректерге ғана емес, сонымен қатар осы уақытқа дейін беймәлім болып келген бірнеше материалға сүйене отырып, Қазақ КСР ағарту ісі министрінің өмірі жайында баяндайды. Сондай-ақ фильмде қайраткердің өмірінен қызықты деректер келтірілген.          
        Ұлт мақтанышына айналған ұлы тұлға жайында деректі фильмді қаламыздағы орта арнаулы оқу орындарының студенттері көріп, тамашалады. Шара соңында жастар темір наркомның өмірі мен қызметіне арналған кітап көрмесімен таныстырылды.

Вернуться назад