DataLife Engine > Жаңалықтар > 24 ҚАЗАН - КІТАПХАНАШЫ КҮНІ

24 ҚАЗАН - КІТАПХАНАШЫ КҮНІ


24-10-2023, 18:14
Автор: akbota
2023 жылғы 24 қазанда Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 24 қазан – Кітапханашы күніне орай «Кітапханашы  - мәртебелі мамандық» атты мерекелік шара өтті. Мерекелік шара кітапхана қызметкерлерінің қызыл кілемнің үстімен жүріп өту шеруімен басталды.
Салтанатты шарада «Мәдениет саласының үздігі» медалімен М.Айгисинова, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Алғыс хатымен М.Абдуллаева, «Қазақстанның  Құрметті кітапханашысы» төсбелгісімен С.Баекеева, «Кітапхана саласының ардагері» төсбелгісімен З.Оспанова, Н.Жаманқұлова, «Салалық  мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік  одағы бірлестігінің» «Еңбек даңқы» төсбелгісімен А.Қалмағанбетова марапатталды. Сондай-ақ Қызылорда облыстық мәслихатының, Қызылорда облысының облыстық мәдениет және спорт басқармасының, Қызылорда облысы әкімінің алғыс хатымен бірқатар кітапханашылар марапатталды. Шара арнайы концерттік бағдарламамен жалғасты.
Мерекелік шараға Ә.Тәжібаев атындағы облыстық кітапхана, облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапхана мамандары, қалалық, аудандық және ауылдық кітапханалардың кітапханашылары мен БАҚ өкілдері қатысты.


Вернуться назад