DataLife Engine > Жаңалықтар > «Сахна шебері» атты кітап көрмесі

«Сахна шебері» атты кітап көрмесі


5-01-2024, 12:21
Автор: akbota
          5 қаңтар күні Қазақстанның және КСРО халық әртісі С.Майқанованың туғанына 110 жыл толуына арналған «Сахна шебері» атты кітап көрмесі дайындалды. Қызылорда облысы Сырдария ауданында дүниеге келген сахна саңлағы театр сахнасында алпыс жылдан аса үзіліссіз еңбек етіп, жарқын да шоқтығы биік бейнелердің тұтас бір галереясын жасады, кәсіби театр өнерінің өркендеуіне бар жан-тәнімен қызмет етті.
         С.Майқанова шығармашылығының шыңы Ш.Айтматовтың «Ана-Жер-анасындағы» Толғанай бейнесі болды. Талантты тұлға  қазақ кино өнеріне де елеулі үлес қосып, сомдаған рөлдері көрерменнен жақсы баға алды.
           Кітап көрмесіне сахна шеберінің өмірі мен шығармашылығы туралы қордағы әдебиеттер мен басылым беттері қойылды.


Вернуться назад