DataLife Engine > Жаңалықтар > «Сен білесің бе?» атты көрме-викторина

«Сен білесің бе?» атты көрме-викторина


16-01-2024, 13:11
Автор: akbota
         16 қаңтар күні облыстық кітапханада ғылым саласындағы әдебиеттерді насихаттау мақсатында «Сен білесің бе?» атты көрме-викторина ұйымдастырылды.
       Шараға І.Қабылов атындағы №12 ІТ-мектеп-лицейінің оқушылары қатысты. Көрмеге кітапхана қорындағы «Балалар энциклопедиясы» сериясымен жарық көрген «Ғылым», «Ғалам», «Физика», «Химия», «Биология» кітаптары, Р.Уинстонның «Ғылыми эксперименттер», Э.Пратидің «Жұлдыздар мен ғаламшарлар», «Әлемде талай қызық бар» т.б. әдебиеттер қойылды.
         Шара барысында қатысушылар кітаптармен танысып, арнайы дайындалған викторина сұрақтарына белсене жауап берді.

Вернуться назад