DataLife Engine > Жаңалықтар > «Жас қалам» жас ақындар клубының алғашқы отырысы

«Жас қалам» жас ақындар клубының алғашқы отырысы


18-01-2024, 10:33
Автор: akbota
         18 қаңтар күні облыстық кітапханада  Сыр өңірінен шыққан талантты жастарды бір әдеби ортаға жинап, шығармашылық деңгейін көтеруге, рухани-әдеби ортаның қалыптасуына, жас дарындардың жаңа көзқарастарын дамытуға жағдай жасап жергілікті шығармашылық иелерін  келер буынға танытуға арналған  «Жас қалам»  жас ақындар клубының алғашқы отырысы өтті.
        Шара барысында жыл бойына атқарылатын жұмыс жоспарымен танысып, күн тәртібінде клубтың ережесі, міндеттері мен мақсаттары талқыланып, жас ақындар өз ұсыныстарын ортаға салды. Алдағы уақытта өздері белгілеген уақытта кітапхана қабырғасында кездесіп, жырларын талқылап отыруды ұйғарды.

Вернуться назад