DataLife Engine > Жаңалықтар > «Өмірі өнеге, ісі үлгі» атты дөңгелек үстел

«Өмірі өнеге, ісі үлгі» атты дөңгелек үстел


19-01-2024, 10:53
Автор: akbota
         19 қаңтар күні облыстық кітапханада белгілі  әдебиеттанушы С.Мақпырұлының туғанына 80 жыл толуына орай  «Өмірі өнеге, ісі үлгі» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Мақсаты - жас толқынға заманға лайық білім, тәлім-тәрбие беріп, шәкірттерінің жүрегіне ізгілік сәулесін сепкен ұлағатты ұстаздың өнегелі өмірі мен шығармашылық жолын, халқымыздың рухани байлығын дамытуға қосқан мол мұрасын насихаттау.
      Шараға Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің профессоры, ф.ғ.к. А.Айтбаева, Ж.Қизатов атындағы №23 мектеп-лицейдің мұғалімі М.Махамбетова, №257 орта мектептің мұғалімі П.Мылтықбаева қатысты. Кеш қонақтары Мақпырұлының әдеби зерттеу саласында қалдырған өзіндік қолтаңбасы, еліне, ұлтына еткен адал қызметі, әдебиеттану мен тіл біліміне қосқан зор үлесі туралы баяндады.
         Оқырмандарға «Рухы биік ұстаз» атты кітап көрмесі ұсынылды.

Вернуться назад