DataLife Engine > Жаңалықтар > «Жарқ еткен сәуле ғұмыр» атты әдеби кеш

«Жарқ еткен сәуле ғұмыр» атты әдеби кеш


26-01-2024, 13:19
Автор: akbota
         26 қаңтар күні облыстық кітапханада  көрнекті жазушы, ақын Саттар Ерубаевтың туғанына 110 жыл толуына  орай «Жарқ еткен сәуле ғұмыр» атты әдеби кеш ұйымдастырылды.
Мақсаты - оқырмандарды қазақ әдебиетінде дарын даралығымен, өзіндік стиль ерекшелігімен көріне білген жазушы С.Ерубаевтың өмірі мен шығармашылығын  насихаттау.
     Кешке Ж.Қизатов атындағы №23 мектеп-лицейдің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері С.Бауыржанқызы, С.Мейрамбекқызы және №176 орта мектептің жоғары сынып оқушылары қатысты.  Кеш қонақтары жазушының әдебиеттегі жаңашыл сыни ой-пікірлері туралы баяндап, оқырмандар арнау өлеңдерін оқыды.
        Оқырмандар назарына «Мәңгілік жастық жыршысы» атты кітап көрмесі ұсынылды.

Вернуться назад