DataLife Engine > Жаңалықтар > «Жанға жайлы жүздесулер»

«Жанға жайлы жүздесулер»


31-01-2024, 17:25
Автор: akbota
        31 қаңтар күні «Жанға жайлы жүздесулер» жобасы аясында кітапханада Қызылорда Авиценна медициналық колледж студенттері қонақта болды.          
        «Жанға жайлы жүздесулер» жобасының негізгі мақсаты – жастарға кітапханада уақытын тиімді өткізу үшін жағдай жасау, кітап оқуға тарту, рухани ләззат алатын демалыс түрлерін ұсыну.
        Жастар ең алдымен кітапхананың күнделікті тыныс-тіршілігімен танысып, бөлімдерге саяхат жасады. Қонақтар үшін сирек кітаптар қорында құнды құжаттарға шолу жасалды.  Саяхат соңында жастарға өмірден алынған оқиға негізінде түсірілген «Жанұя» атты фильм көрсетілді.

Вернуться назад