DataLife Engine > Жаңалықтар > «Көркемсөз» және «English for kids» үйірмелерінің ашылу салтанаты

«Көркемсөз» және «English for kids» үйірмелерінің ашылу салтанаты


31-01-2024, 17:28
Автор: akbota
       2024 жылдың 31 қаңтар  күні облыстық кітапханада «Көркемсөз» және «English for kids» жасөспірімдерге арналған үйірмелерінің ашылу салтанаты болып өтті.
      Шарада Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми  кітапханасының басшысы Н.Мыңжас құттықтау сөз сөйлеп, үйірме жұмысына сәттілек тілесе, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің  доценті, ф.ғ.к. Ш.Бекмағанбетов және аударма БББ-ның оқытушысы А.Мусина жастарды заман талабына бейімделген ойы ұшқыр, ағылшын тілін еркін меңгерген,  білімді де білікті азамат болуға үндеді.
       Шараға №144 С.Әлжіков атындағы орта мектептің, №187 М.Шоқай атындағы ІТ мектеп-лицейдің, №264 Т.Есетов  атындағы мектеп–лицейдің, №10 Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-лицейдің,  «Аманат school» жеке бастауыш мектебінің  және «Медина», «Развивашка» балаларды дамыту орталығының оқушылары қатысты. Қатысушылар қазақ және ағылшын тілінде өлеңдер оқып, ән шырқады. Сахналық қойылымдар қойып, бишілер мың бұрала би биледі. Мерекелік шарада «Тіл – ұлт тұтастығының тұғыры» атты кітап көрмесі оқырман назарына ұсынылды.

Вернуться назад