DataLife Engine > Жаңалықтар > «Жастығын жалын шарпыған» кездесу кеші

«Жастығын жалын шарпыған» кездесу кеші


16-02-2024, 11:57
Автор: akbota
      Облыстық кітапханада 16 ақпан күні Кеңес Одағы  әскерлерінің Ауғанстан Демократиялық Республикасынан шығарылғанына 35 жыл толуына орай «Жастығын жалын шарпыған» атты ауған соғысы ардагерлерінің қатысуымен кездесу кеші ұйымдастырылды.
       Кештің мақсаты – ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсету, жат жерде көз жұмған жерлес азаматтарды еске алу және жастарға патриоттық тәрбие беру.
      Кездесуге  өмірінің өлшеулі бір бөлігін,  жалындаған жастық шағының жартысын оқ пен от арасында өткізіп, елге аман-сау оралып, туған жерімен қауышқан интернационалист-жауынгерлер Н.Бекетаев, Е.Ахметов, Т.Жекебаев, А.Сыздықов және Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан №5547 әскери бөлімінің сарбаздары қатысты.
     Өз кезегінде ардагерлер қиындығы мен қасіреті мол ауған соғысы кезіндегі жауынгерлік тапсырмаларын қалай орындағандары, әртүрлі ұлттан құралған әскер қатарының мызғымас достығы мен көрсеткен ерліктері туралы, олардың әрқайсысы интернационалдық борыштарын қаншалықты адал орындап шыққаны жайлы өткен күндерді еске алып, тағылымды әңгімелерімен бөлісті.
       Сондай-ақ кеш барысында «Ерлік даңқы мәңгілік» тақырыбындағы кітап көрмесіне шолу жасалды.

Вернуться назад