DataLife Engine > Жаңалықтар > «Шұғаның белгісі» повесі бойынша талдау

«Шұғаның белгісі» повесі бойынша талдау


20-03-2024, 11:31
Автор: akbota
          20 наурыз күні облыстық кітапханада көрнекті жазушы, қазақ әдебиетінің негізін салушылардың бірі  Б.Майлиннің туғанына 130 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Шұғаның белгісі» повесі бойынша талдау ұйымдастырылды.
     Мақсаты – өзі өмір сүрген заман тынысы мен қоғам өмірін кемелділікпен сомдай алған ұлы суреткердің өмірі мен шығармашылығын, тәрбиелік мәні зор мол мұрасын  насихаттау, жастардың көркем әдебиетке қызығушылығын арттыру.
       Шараға №257 орта мектептің мұғалімі Ж. Жүсіпова, №140 Абылай хан атындағы орта мектептің мұғалімі Г. Қараманова және жоғары сынып оқушылары қатысты. Оқырмандар  повестегі ең өткір мәселе әйел теңсіздігіне, бірін бірі сүйген, арманына жете алмаған Шұға мен Әбдірахманның трагедиялық халіне, жастардың бас бостандығына ерік  бермей, қасіретке ұшыратқан ескі дәстүрлерге  жан-жақты талдау жасады.

Вернуться назад