DataLife Engine > Жаңалықтар > 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні

7 мамыр – Отан қорғаушылар күні


6-05-2024, 16:19
Автор: akbota
        Облыстық кітапханада 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне арнап «Ер елінің қорғаны» атты әдеби сазды кеш ұйымдастырылды.
            Мақсаты өз Отанына деген мақтаныш сезімдерін қалыптастыра отырып рухани адамгершілікке тәрбиелеу.
            Шараға  55/47 әскери бөлімінің жеке атқыштар ротасының сарбаз атқыштары қатысып өз өнерлерімен бөлісті. №268 мектеп-лицейдің оқушылар патриотық әндер шырқап, армиямыздың айбынды сарбаздарына құрмет көрсетті.
            Шара соңында «Ұлы Дала ұландары» атты кітап көрмесі оқырман назарына ұсынылды.

Вернуться назад