DataLife Engine > Жаңалықтар > «Ұстаз – ұлы есім» мерекелік кеш

«Ұстаз – ұлы есім» мерекелік кеш


4-10-2024, 17:41
Автор: akbota
        4 қазан күні облыстық кітапханада «Ұстаз – ұлы есім» тақырыбында мерекелік кеш өтті. Мақсаты: педагог мамандығының қоғамдағы мәртебесі мен беделін арттыру және ұстаздарға құрмет көрсету дәстүрін жастар арасында кеңінен насихаттау.
       Мерекелік  кешке  №3 ІТ  мектеп-лицейінің оқушылары қатысып, өздерінің  өнерлерін көрсетіп, ұстаздарға мерекелік көңіл күй сыйлады.
        Сонымен қатар «Ұлылықтың төрінде ұстаз тұрар» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқырмандар назарына ұлт ұстаздары Әбу Насыр Әл Фараби, Ахмет Байтұрсынов, Ыбырай Алтынсарин, Мағжан Жұмабаевтың кітаптарымен қатар кітапхана қорындағы  ұстаздарға арналған жаңа әдебиеттер ұсынылды.

Вернуться назад