DataLife Engine > Жаңалықтар > «Қазақтың Ақбаяны» Әнші Мәдина Ералиеваның туғанына 70 жыл

«Қазақтың Ақбаяны» Әнші Мәдина Ералиеваның туғанына 70 жыл


20-09-2024, 10:43
Автор: akbota
       20 қыркүйек күні Әбділда Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Қазақстанның Халық әртісі, әнші Мәдина Ералиеваның туғанына 70 жыл толуына орай «Kitap Time-24» фестивалі аясында «Қазақтың Ақбаяны» атты ән кешін ұйымдастырды.
        Шараның мақсаты – күміс көмей әншінің өмірі мен шығармашылығын  жақын таныстыру. Көпшіліктің өнерге, оның ішінде қазақ әндеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.
       Шараға Мәдина Ералиева атындағы мәдениет үйінің өнерпаздары, «Сәулем-ай» әжелер ансамблі мен Баймұрат батыр ауыл мектебінің тәлімгері Қалданова Мақпал қатысып, әншінің репертуарындағы әндерін орындады. Шара барысында әншінің өмірі мен шығармашылығына арналған көрме таныстырылды.

Вернуться назад