DataLife Engine > Жаңалықтар > «Ұшқыр ой мен шешен тіл» Әдеби косплей

«Ұшқыр ой мен шешен тіл» Әдеби косплей


6-12-2024, 11:43
Автор: akbota
        6 желтоқсан  күні облыстық кітапханада «Әлем-Book» жобасы аясында «Ұшқыр ой мен шешен тіл» тақырыбында әдеби косплей ұйымдастырылды.
          Мақсаты – жас оқырмандарды шешендік өнерге баулу, көркем сөйлеуге машықтау.
        Шарада М.Шоқай атындағы №187 IT-мектеп-лицейінің, Ә.Мүсілімов атындағы №101 мектеп-лицейінің, Ы.Алтынсарин атындағы №10 мектеп-лицейінің,  С.Әлжіков атындағы №144 орта мектебінің  оқушылары шешендік сөздерден қойылым қойып,  бақ сынасты.  
         Шара соңында оқырмандар «Шешендік сөздер – даналықтың көрінісі» атты кітап көрмесімен танысты.

Вернуться назад