DataLife Engine > Жаңалықтар > Қ.Жұмаділовтың «Соңғы көш» романы бойынша оқырмандар конференциясы

Қ.Жұмаділовтың «Соңғы көш» романы бойынша оқырмандар конференциясы


28-11-2024, 12:20
Автор: akbota
28 қараша күні облыстық кітапханада Қ.Жұмаділовтың «Соңғы көш»  романы  бойынша  оқырмандар конференциясы ұйымдастырылды. Мақсаты  жас өрендерге қазақ жазушыларының шығармаларын насихаттау.
Шараға М.Сужиков атындағы №6 орта мектебінің 8-сынып оқушысы А.Нұрлыбекқызы, №257 орта мектебінің 7 -сынып  оқушысы Н.Амангелді, Жамбыл атындағы  №120 орта мектебінің 6-сынып  оқушысы И.Нұрділда,  Т.Есетов атындағы  №264 мектеп – лицейінің 7-сынып  оқушылары А.Бозымбай мен Қ.Русланқызы, Ж.Нұрсейітов атындағы №233  орта мектептің 7-сынып  оқушысы К.Наси қатысып, романдағы атамекенiнен бiртiндеп қуыла бастаған қандастарымыздың ұзақ жылғы ауыр тағдыры, тұрмыс тауқыметi, аштық азабы, үдере атажұртқа қоныс аударуын жан-жақты талдап көрсетті.
Шара соңында «Қарасөздің дарабозы» атты кітап көрмесі оқырман назарына ұсынылды.

Вернуться назад