«Суретші қыс» тақырыбында әйнекке құммен қырауды суреттеуден шеберлік сабағы
22-01-2025, 16:27
Автор: akbota
22 қаңтар күні «Этюд» графика және кескіндеме арт-студиясы №7 мектеп-интернат оқушыларына «Суретші қыс» тақырыбында әйнекке құммен қырауды суреттеуден шеберлік сабағын ұйымдастырды. Құммен сурет салу адамзаттың ежелден келе жатқан дәстүрлі өнердің бір түрі. Құммен сурет салудың артықшылығы: өмірді жақсы қырынан қабылдауға бейімдейді, есте сақтау қабілетін дамытады, адам бойындағы жағымсыз энергияны сіңіріп алады, жүйке жүйесін тыныштандырады. Құммен сурет салу бойдағы ұйықтап жатқан қантамырларын саусаққа тию арқылы оятады. Студия жетекшісі әйнекке құмды пайдалана отырып қыстың көрінісін саусақпен салудың техникаларын көрсетті.




Вернуться назад