DataLife Engine > Жаңалықтар > «Діннің қоғам өміріндегі маңызы» атты ақпараттық кеш

«Діннің қоғам өміріндегі маңызы» атты ақпараттық кеш


21-01-2025, 16:33
Автор: akbota
21 қаңтар күні облыстық кітапханада «Діннің қоғам өміріндегі маңызы» атты ақпараттық кеш ұйымдастырылды.
Мақсаты–оқырмандардың дін туралы түсініктерін кеңейту, рухани және имани тәрбие беру, асыл дінімізге құрметпен қарауға баулу, діни сауаттылығын арттыру.
Шараға «Дін мәселелерін зерттеу орталығының» теолог, аға маманы О. Нарымбетов және  Қызылорда жоғары көпсалалы колледжінің оқытушылары мен студенттері  қатысты.
Кеш қонақтары елімізде тұрақтылық пен келісімді сақтауда, адамзаттық құндылықтарды нығайтудағы, рухани байлықты дамытудағы діннің маңызы, әрбір адам өз діни сенімдеріне сай өмір сүріп, адами қасиеттерін дамытуға ұмтылуы тиістігі туралы сөз қозғады.
Оқырмандар  назарына «Дін бірлігі-тәуелсіздік тірегі» атты кітап көрмесі ұсынылды.

Вернуться назад