DataLife Engine > Жаңалықтар > «Сыр өңірінің қаламгерлері» атты кітап көрмесі

«Сыр өңірінің қаламгерлері» атты кітап көрмесі


16-01-2025, 16:47
Автор: akbota
16 қаңтар күні облыстық кітапханада «Сыр өңірінің қаламгерлері» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Мақсаты- өңіріміздің мәдениеті мен әдебиетін, танымал және жас қаламгерлерінің шығармаларын таныстыру, шығармашылық жетістіктерін, әдеби мұрасын насихаттау, оқырмандардың  кітапқа деген қызығушылығын арттыру, оқу мәдениетін кеңінен насихаттау. Көрмеге Сыр өңірінің сырбазы, лирик ақын Ә.Тәжібаевтың, қазақ поэзиясының көрнекті өкілдерінің бірі Ш.Сариевтің, сатираның сардары атанған А.Тоқмағамбетовтің, қайсар қалам иесі З.Шүкіровтің, Қазақстанның халық жазушысы Қ.Мұхамеджановтың және бүгінде әдебиет әлеміндегі танымал Қазақстан Жазушылар одағының мүшелері М.Әміреұлы, С.Жұбатырұлы, Ш.Әбдікәрімов, Қ. Есімсейітова, Н. Рахмет, Ғ.Әбділда, Д. Аяшұлы, ақын Қ. Жәленованың және басқа да ақын-жазушылардың  еңбектері қойылды.

Вернуться назад