DataLife Engine > Жаңалықтар > «АЛАШТЫҢ АСТАНАСЫ – ҚЫЗЫЛОРДА» (Қызылорда қаласының астана болғанына 100 жыл толуына арналған кітап көрмесі)

«АЛАШТЫҢ АСТАНАСЫ – ҚЫЗЫЛОРДА» (Қызылорда қаласының астана болғанына 100 жыл толуына арналған кітап көрмесі)


15-01-2025, 16:52
Автор: akbota
Қызылорда қаласының қатпарлы қазақ тарихында алатын орны ерекше. Ел астанасы Орынбордан Ақмешіт – Қызылордаға ауысқанда, Алаш ардақтылары нақ осы аймақта 1925 жылы халыққа қазақ атауын қайтарып берген болатын. Қазақ Республикасының 1925-1929 жылдардағы астанасы болған Қызылорда қаласы – бүгінде біздің мақтанышымыз. Қызылорда – қазақ халқының алғашқы өз еркіндігін алуының, ұлтымыздың «қазақ» деген атауға ресми түрде ие болуының тарихи белгісі.2025 жылдың 17 қаңтар күні облыстық кітапханада «Алаштың Астанасы – Қызылорда» тақырыбында Қызылорда қаласының астана болғанына 100 жыл толуына орай кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітап көрмесі ұлт тарихын ардақтап, өткеннен ғибрат алуға ұмтылған барша оқырман қауымға арналды. Тарихи мәні зор кітап көрмесінің мақсаты – ұрпақ санасына өңіріміздің өткені мен бүгінін бағамдау, туған жерімізді ұлықтау.«Даңқы асқан, тарихы дастан – Сыр Елі», «Қызылорда - Астана болғанда», «Тарих айдынындағы тұлғалар», «Жыр әннің елі, Тұранның төрі», «Жаңарып, жасанған шырайлы шаһар» тақырыптарымен топтасқан кітап көрмесі Қызылорда қаласының тарихи-жағрафиялық орналасуы, оның Тұран ойпатындағы алатын орны, тың деректер жазылған шаһарымыздың ертедегі тарихы және қазіргі көрінісі сипатталған 500-ден аса тарихи-танымдық жинақтар, фото-альбомдармен айшықталды.Көрмені зиялы қауым мен баспасөз өкілдері, қаламгерлер, ұстаздар, студент жастар мен мектеп оқушылары, кітапхана мамандары мен қала тұрғындары тамашалады.

Вернуться назад