«Туған өлкем-киелі мекен» атты кітап көрмесі
14-01-2025, 17:16
Автор: akbota
14 қаңтар күні облыстық кітапханада «Туған өлкем-киелі мекен» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.Мақсаты - аймақтың мәдениеті мен тарихын дәріптеу, жастарға туған жеріміздің бай мұрасын таныту.Кітап көрмесіне Сыр елінің тарихы, өңірдің маңызды ескерткіштері мен тарихи орындары, дәстүрлері мен өнері жайында жазылған кітаптар, ғылыми зерттеулер, сондай-ақ өңірде соңғы жылдары көптеген салалардағы қол жеткізілген айтарлықтай жетістіктері, әлеуметтік-экономикалық дамуы, оның ішінде ауылшаруашылығы, инфрақұрымының дамуы, білім саласындағы елеулі жетістіктер туралы материалдар қойылды.

Вернуться назад